Бейнеуде «Жастар күні» ерекше атап өтілді

14 Тамыз, 2019 62 0

Жуырда Бейнеу ауданында жыл сайынғы дәстүрге сай «12 тамыз –Жастар күні» мерекесіне орай аудандық жастар ресурстық орталығымен бірнеше мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, «Жастар күні» жоғары деңгейде аталып өтілді.

Атап айтар болсақ: 16-29 жастағы ерлер арасында 18 шақырым аралығында веложарыс, мекемелер арасында кіші футболдан қайырымдылық турнирі, жас отбасылар арасында «Толағай» отбасылық сайысы, «Каспий» жүзу бассейінде жастар арасында 150 метрге жүзуден және 25 метрге сүңгуден жарыс, Халықаралық деңгейде Бейнеу ауданы әкімінің кубогы үшін «Жайдарман» үздік әзілдер сайысы өткізілді.

 

 Мәдени және спорттық шаралардың жалғасы 12 тамыз күні кешке «Әли Балта палуан» атындағы орталық стадионында аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала концертпен қорытыланды. Мерекелік кеште өткен сайыстардың жеңімпаздары арнайы тағайындалған алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауданның жас өнерпаздары әуелетіп әсем әндер шырқап, бищілер би билеп, концерт тамашалауға келген аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Суреттерді түсірген аудандық жастар ресурстық орталығы

Дереккөз: tumba.kz


Тегтер: Бейнеу, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.