weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкенттік өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады

Шымкенттік өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады

Шымкенттік өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады
ашық дереккөзі
 width= Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 минуттық шағын мерекелік қойылым ұсынды.  width= Өз кезегінде ардагерлер өнерпаздарға ризашылығын білдіріп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп ізгі тілектерін жеткізді. Еске сала кетсек, бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушы 40 майдангер және 4 237 тыл еңбеккері тұрады.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→