Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

04 Қыркүйек, 2019 320 0

Белгілі әнші Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қыдырәлі Болманов министрдің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалды», - деп хабарлайды ведомстводан. 

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов 1964 жылы 19 мамырда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген. Әнші, продюсер, философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).



Тегтер: ҚыдырәліБолманов, тағайындау, Мәдениетжәнеспортминистрі, кеңесші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.