Хореограф Әлия Шалхарова Шөкеевтің кеңесшісі атанды

12 Қыркүйек, 2019 249 0

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып Шалхарова Әлия Богданқызы тағайындалды. Шалхарова Әлия Богданқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы педагог-хореограф, психология пәнінің ұстазы, психолог, экономист.

Еңбек жолын 1998 жылы Мәдениет және өнерді дамыту Қорының хореографиялық ұжым басшысы болып бастаған.
2016-2018 жылдары ОҚО бойынша Мәдениет басқармасының «Түркістан Сарайы» МКК-ң концерттік мекеме директоры қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы болған.
2006 жылы «Екі ел арасында қарым-қатынас және өнерді дамытуға қосқан үлесі» үшін Өзбекстан Республикасының «Хадықтар Достығы» орденімен марапатталған.
2018 жылы «Облыс мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі медалінің иегері.
2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» Мемлекеттік медалімен марапатталған.

Тегтер: ШалхароваӘлия, кеңесші, Түркістаноблысы, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.