Қазақстандық Nostrum компаниясы SAP модельдік компаниясына негізделген алғашқы компания

13 Шілде, 2018 1686 0

2018 жылы - SAP SE компаниясы Каспий бассейнінде мұнай және газ өндіру, мұнай және газ кен орындарын барлау және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы Nostrum Oil & Gas PLC-мен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz хабарлайды.

Nostrum компаниясы SAP S/4HANA атты жаңа кезеңнің ERP жүйесіне негізделген SAP компаниясының ең озық шешімдері мен технологияларын қолданып, қолданыстағы IT ландшафтын толықтай жаңартады. ТМД-да алғаш рет мұнай-газ өнеркәсібіне бейімделген модельдік компаниялардың көзқарасы пайдаланылатын болады.

SAP модельдік компаниясы - «қорапты», қолдануға дайын шешім, инновацияларды енгізуге және SAP өнімдерін енгізуді тездетуге мүмкіндік береді. Бұл сәтті цифрлық трансформация жобаларының тәжірибесі негізінде бизнестің қажеттіліктеріне негізделген таңдалған заманауи қосымшалардың жиынтығы. SAP әлемдегі мұнай-газ компанияларының алғашқы ондығына S/4HANA негізіндегі жүйелерді енгізу бойынша ауқымды тәжірибесі бар. SAP модельдік компаниясын қазірдің өзінде көптеген ірі мұнай компаниялары пайдаланады.  

Nostrum мұнай өнімдерін соңғы тұтынушыға тасымалдауды бақылау үшін үнемі өз инфрақұрылымын құруға ақшасын салады. Компания қазірдің өзінде SAP ERP ECC шешімі бойынша жұмыс істейді, бұл әкімшілік және пайдалану шығындарын жеңілдетуге және бұрғылау шығындарын және сонымен байланысты күрделі салымдарды азайтуға  мүмкіндік берді.  

2019 жылы Nostrum компанияны заманауи сынақтарға бейімдеуге бағытталған бизнесті цифрлық трансформациялаудың ауқымды бағдарламасын іске қосады. Nostrum алдында мұнай өнімдерінің ең бәсекеге қабілетті бағаларын қамтамасыз ету және әр ұңғыманың шеңберінде мұнай өндіруді бақылау міндеті тұр. Бұл үшін, SAP S/4HANA Oil & Gas for upstream operations management атты мамандандырылған салалық шешімі қолданады.

«Біз ТМД-да барлау және өндіру саласындағы жетекші мұнай-газ компанияларының бірі болуға ұмтыламыз және SAP модельдік компаниясына негізделген шешімдер цифрлық трансформацияны жылдамдатады және пайдаға қол жеткізу уақытын қысқартады деп үміттенеміз», - дейді Nostrum Oil & Gas PLC төрағасының кеңесшісі Франк Катумбела.  

«Келісім-шарт мұнай-газ саласы үшін SAP модельдік компаниясы негізінде бизнесті толықтай қайта құруды көздейді. Бұл ТМД аумағындағы алғашқы осындай келісім. Бүгінгі күні біз көмірсутектердің құндылық тізбегінде толық қозғалысына қолдау көрсету үшін келесі ұрпақ шешімдерін ұсына аламыз. Бұл тәсіл шығындар мен тәуекелдерді төмендетеді. Ол бастапқыда іске асырылып жатқан және жалғастырылатын бизнес инновацияларға толық қолдау көрсетуді көздейді», - деді SAP Казахстан басқарушы директоры Максим Ламсков.


Тегтер: sap, қазақстан, астана, жаңалықтар, мұнай, газ, экономика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.