weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
 Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Илья Ильин "Мұз айдыны" спорт кешені директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Ильин Илья 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жылдары аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алды. 2009-2011 жылдары Қорқыт ата атындағы ҚМУ магистратурасын бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 9 жасында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанса, 13 жасында Қазақстан ауыр атлетикасы тарихында спорт шебері атағын иеленген ең жас спортшы болды. 17 жасында ересектер арасындағы ең жас Әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Әлем және Қазақстан Республикасының ең үздік спортшысы атанды. 2008 жылы "Қызылорда облысының Құрметті азаматы" атағын иеленген. Төрт дүркін Әлем чемпионы (2005-2006 жж. 2011 ж. 2014 ж.) атағына қол жеткізді. Осы жеңістеріне орай мемлекеттік "Құрмет" (2005 ж.), "Барыс" (2008 ж.) және "Отан" (2012 ж.) ордендерімен марапатталған. Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері (2005 ж.), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2015 ж.).
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→