Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық талқыланды

23 Қыркүйек, 2019 354 0

ҚР Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты қабырғасында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жетекші сарапшылары аймақ пен Қытай арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен болашағы тақырыбын талқыға салды деп хабарлайды ӘЭСИ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталының тілшісі.

Қазіргі таңда ҚХР-ының экономикалық әлеуеті Орталық Азия дамуының маңызды факторына айналды. Қытай аймақ елдерінің ірі сауда серіктесі ретінде орнықты және Орталық Азия экономикасының маңызды салаларына құйылған Қытай инвестициясының көлемі жыл сайын артып келеді. 

Алайда сауда-экономикалық қатым-қатынастың қарқынды дамуымен қатар бірқатар екіұдай тенденциялар байқалады. Атап айтсақ, экономикалық қатынас құрылымында теңгерімсіздік айқын сезіледі. Әсіресе, ҚХР-ының қаржы институттары алдындағы қарыз көлемінің өсуі үлкен алаңдаушылық туғызады. Соңғы оқиғалар көрсеткендей, Орталық Азия елдерінің қоғамы бұл үдерістерді екіұдай қабылдауда. 

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық: стратегиялық серіктестік мәселелері мен болашағы

фото: iwep.kz

Сондықтан аспан асты елімен ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты тууы мүмкін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге «аймақтық» көзқарастың қажеттігі арта түседі. 

Осыған орай шараның модераторы, ӘЭСИ директорыЕржан Салтыбаев:«Бүгінгі таңда Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық үдерістерінің жалпыаймақтық сипаты болуы тиіс. Бұл ретте бізідң институтымыз үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған осы форматтағы сарапшылар пікірталасы үлкен маңызға ие»,- деді.

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық: стратегиялық серіктестік мәселелері мен болашағы

фото: iwep.kz

Басқосу барысында Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкеріКубанычбек Токторбаевөз ойын былай сабақтады: «Қытай басшылығы Орталық Азия аймағы ҚХР үшін өзіндік «стратегиялық тыл» екендігін көрсетті. Бейжің қытай экономикасы үшін аймақ елдері көмірсутегі мен басқа пайдалы қазбаларға бай ресурс көзі ретінде Орталық Азияның маңыздылығын түсінді. 

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық: стратегиялық серіктестік мәселелері мен болашағы

фото: iwep.kz

Бұдан бөлек, ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың пайымынша Орталық Азиядағы Қытайдың экономикалық үлесі күннен-күнге жүйелі әрі кешенді сипат алып келеді. Оның айтуынша:«Отын-энергетика саласы мен басқа да салаларға кеңінен тартылған қытай инвестициясын әртараптандыру көрінісі байқалуда. Осы үдерістің ықпалымен аймақта геоэкномикалық оқиғалар қарқынды өзгеріске ұшырауда. Бізге бұл үдерістердің қарқыны мен бағытын, сонымен қатар  орта және ұзақмерзімді салдарларын анық түсіну қажет». 

Жалпы алғанда дөңгелек үстел қатысушыларының Орталық Азия елдерінің экономикалық тәуелсіздігін сақтау мәселелерінде пікірлері бір жерден шықты. Сондай-ақ, стратегиялық  әрекетке қажетті алаң қазіргі таңда өте өзекті екендігі айтылды. 

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық: стратегиялық серіктестік мәселелері мен болашағы

Пікірталасты қорытындылаған Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасарыПарвиз Мухаммадзодабылай деді:«Осы тектес пікірталас алаңдары мәселенің жай-жапсарын толық түсінуге әрі зерттеуге үлкен үлес қосарына сенімдімін. Бүгінгі диалог Орталық Азия мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа қатысты қоғамда қалыптасқан таптаурын пікірлерді белгілі-бір деңгейде сейілтіп қана қоймай, аймақтағы барлық елдер үшін нақты әрі салиқалы ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал етіп, орын алған жағдайды шынайы бағалауға мүмкіндік берді ». 

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы ынтымақтастық: стратегиялық серіктестік мәселелері мен болашағы

фото: iwep.kz

Тегтер: қытай, орталық, азия, жаңалықтар, қазақстан, әлем, сараптама

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.