weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматылық кейуана Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз қолымен әкеп тапсырды

Алматылық кейуана Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз қолымен әкеп тапсырды

Алматылық кейуана Мақтарал ауданына 33,6 миллион теңге көмегін өз қолымен әкеп тапсырды
ашық дереккөзі
«Құдай берген 10 балам бар. Немерем – 39, шөберем – 50», - дейді «ұрпағымен жасаған» қайырымды әже. Қазір әлеуметтік желіде алматылық кейуананың қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мақтарал ауданына 33 миллион теңге зекет берген видеосы кеңінен тарап жатыр, - деп жазады NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz  ақпарат порталына сілтеме жасап. Өзін Бибіжамал деп таныстырған қария биыл 80 жасқа толады екен. Ол егістік жерлері мен баспаналары топан судың астында қалған Мақтарал ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсету үшін Алматыдан арнайы келіп отыр. Тірлігінде сауапты іс жасауға асыққан әжей қиындық құрсауындағы халыққа 480 конверт таратқан. Оның әрқайсысына 70 мың теңгеден салыпты. «Құдай берген 10 балам бар. Әке тәрбиесін көрген жоқ. Жолдасымның қайтыс болғанына 38 жыл болды. Кішкентайым 1 жасында қалды. Өзім де әкемнен 1 жасымда қалғанмын. Немерем – 39, шөберем – 50», - дейді «ұрпағымен жасаған» қайырымды әже.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→