"Қызға қырық үйден тыйым". Қырық қағиданы біле жүріңіздер

15 Шілде, 2018 2479 0

Қазақта қызға қырық үйден тыйым деген аталы сөз бар. Біз сіздің назарға сол тыйымдар легін ұсынбақпыз.


Жарыса сөйлеуге;

Жалғыз қыдыруға;

Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге;

Орынсыз ұрынуға;

Басқаларға қол тигізуге

Өтірік, өсекке;

Суық жүріс, сумаң қылыққа;

Кісіге қарай керіліп есінеуге;

Талтайып отыруға;

Шалқайып жатуға;

Тамақты обырлана асауға;

Ұрлық-қарлыққа;

Ұятты мүшелерін ашып жүруге;

Бұраңдап қылымсуға;

Қызыл іңірде жатуға;

Түске дейін ұйықтауға;

Кісі алдында киім ауыстыруға;

Салт-дәстүрден аттауға;

Елді ғайбаттауға;

Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға;

Ішімдік ішу пен шылым шегуге;

Ұрыс-керіске;

Беттен алып, бет жыртысуға;

Қараулыққа, ысырапқа;

Рахымсыздық пен қатыгездікке;

Түнде суға жалғыз баруға;

Жат жыныстылармен араласып жатуға;

Күйеуге қашып тиюге;

Әдепсіз сөзге;

Тарс-тұрс етуге;

Адам мен жануарларды тебуге;

Кісіні қорлап жәбірлеуге;

Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға;

Айқай-сүреңге;

Шектен тыс сыланып жасануға;

Қызғаншақтық пен күншілдікке;

Менмендік пен өзімшілдікке;

Алдап-арбауға;

Көрсеқызарлыққа;

Нәпсі құмарлыққа тыйым.

Тегтер: қырық, үйден, тыным, дәстүр, таным

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.