Бибігүл Жексенбай қызметінен кетті

30 Қыркүйек, 2019 226 0

2019 жылдың 18 сәуірінде «Астана» телеарнасының бас директоры болған Бибігүл Жексенбай бүгін қызметінен босады. Бибігүл Жексенбай телеарна басшылығында бар-жоғы 5 айдан аса уақыт қана болды. 

Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап «Azattyq Rýhy» тілшісі хабарлайды деп жазады newsroom.kz. 

Astana TV басшылығына кім келетіні әзірге белгісіз. 

Astana TV - «Нұр Отан» партиясының ақпараттық холдингіне кіретін республикалық телеарна. Бүгінде тәулігіне 23 сағат хабар тарады. Арна эфирі спутниктік желі арқылы ел аумағын 100% қамтиды. 

Бибигүл Жексенбай Нұрғалиқызы 1971 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдады. Халықаралық Бизнес Академиясының бизнес басқару магистрі. Ондаған телевизиялық фильмдердің авторы. Кәсіби қызметтік жолын 1992 жылы «Спорт» басылымында тілші болып бастады, кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» және «Атамұра» басылымында қызмет етті. 1996-2007 жылдары «Хабар» агенттігінде тілші, орталық бюро директорының орынбасары болды. 2007 жылы «КТК» телеарнасының қазақ тіліндегі бағдарламалар редакциясының жетекшісі, 2007-2008 жылдары «Қазақстан» телеарнасы ақпарат-сараптама бағдарламалары дирекциясы жетекшісі, телеарна директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2008-2016 жылдары «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, «Жетінші арна» телеарнасының бас редакторы, бас директордың орынбасары, бас директор, «ЭРА» телекомпаниясы” ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бас редакторлар клубының президенті де болды. 2016-04.2018 ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 18.04.2019 бастап «Астана қаласы теледидары» ЖШС Бас директоры. «Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Нұр сұңқар» республикалық байқауының жүлдегері, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы», «Астананың 10-жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған және «Мәдениет қайраткері» атағының иегері. 

Тегтер: бибігүл, жексенбай, астана, арнасы, тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.