weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде баланың басы балконның темір бағандарына қысылып қалды

Ақтөбеде баланың басы балконның темір бағандарына қысылып қалды

Ақтөбеде баланың басы балконның темір бағандарына қысылып қалды
ашық дереккөзі

Ақтөбеде бүлдіршіннің басы балконның теміріне қысылып қалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының ТЖ департамент өкілдерінің мәліметінше, оқиға Батыс 2 ықшам ауданында орын алған. Балконда ойнап жүрген балақай темір бағандарға басын сұғып, қайтып шығара алмай қалған. Баланың ата-анасы шарасыздықтан құтқарушыларға хабар беруге мәжбүр болған. "Оқиға орнына жедел түрде кезекші құтқарушылар, дәрігер мен психолог жетті. Құтқарушы қызметкерлер гидравликалық прессті қолданып темірлерді ажыратып, балаға көмектескен. Оның өміріне төнетін қауіп жоқ", - делінген ресми хабарламада.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→