weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ДСМ ұсынысы бойынша Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылды

ДСМ ұсынысы бойынша Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылды

ДСМ ұсынысы бойынша Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап бірқатар қалаларға әуе қатынасы жанданды,-  деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 13 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балхаш, Зайсан және Үржарға рейстер қайта ашылып жатыр. Рейстер қазақстандық әуе компанияларының ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сапар көліктегі бас санитар мемлекеттік дәрігер бекіткен санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шарттарына сәйкес жүзеге асырылады: - жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперде, қолғап); - термометрия, әуе кемесінің бортына отыруға дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау; - әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы. Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың артатынын назарға алып, әуе компаниялары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын және сұранысты ескеріп, қалалар арасында қатынайтын рейстер санын өздері анықтайды. Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысына байланысты Атырау қаласына ұшуға шектеу қойылған. Қазақстан әуе компаниялары ведомствоаралық комиссияның шешімінсіз ұшуға тыйым салынған жерлерге әуе билеттерін сатуға болмайтыны туралы хабардар.  
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→