weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда екі ер адам түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен

Алматыда екі ер адам түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен

Алматыда екі ер адам түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен
ашық дереккөзі

Алматыда ұрылар карантинге жабылған дүкендер мен сұлулық салондарды тонаған. Олар төтенше жағдай режимін қолданып, түнгі уақытта дүкендерге кіріп құнды заттарын алып кетіп отырған, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұрланған тауарлардың нақты қайда сатылғаны жөнінде полиция мәлімет бермеген. Екі күннің ішінде ұрылар 15 бутикті тонап кеткені белгілі болды. Бұл ерлер мен әйелдерге арналған киім және аяқ киім дүкендері, сонымен қатар шаштараздар болған. Күдіктілердің екеуі де 30-ға келмеген ер адамдар. Мұндай қылмыс үшін олар бұрын жауапкершілікке тартылған болып шықты. Енді олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "Карантин кезеңінде көптеген нысандардың жабық болғандығын пайдаланып, ұрлық жасалған. Көбінесе бутиктерде, сұлулық салондарында және әйелдер керек-жарақтары сатылатын жерлерді тонаған. Қазір екеуі де қамауға алынды", - дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→