Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке иеленді

19 Қазан, 2019 418 0

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың 28 жастағы ұлы жаңа қызметке ие болды. 

Жансұлтан Сапарбаев елорда әкімдігіндегі бос орынға орналасу бойынша конкурста жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жансұлтан Сапарбаев иеленген қызмет – қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары.

«2019 жылғы 17 қазанда өткен бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналастыру үшін кандидаттармен өткізілген әңгімелесу нәтижесі: «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары (D-O-2 санаты, 1 бірлік) – Сапарбаев Жансултан Бердибекулы», - делінеді хабарламада.

Айта кетсек, Жансұлтан Сапарбаев 2019 жылдың 14 наурызынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.


Тегтер: БердібекСапарбаев, жаңақызмет, тағайындау, ЖансұлтанСапарбаев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.