«230 мың теңге емес»: Алматылық студенттер алып тиіннің шын мәнінде қалай жасалғанын айтты

18 Шілде, 2018 1717 0

Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде 23 миллион теңгеге орнатылған алып тиін көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Өз кезегінде оңтүстік астанадағы Аграрлық университет студенттері тиіннің көшірмесін сабаннан 1-ақ күнде жасап шықты. Алайда студенттер оны жасауға 230 мың теңге жұмсалғанын жоққа шығарды деп хабарлайды sn.kz порталы ҚазАқпарат порталына сілтеме жасай отырып.

Сабаннан жасалған тиіннің Қаскелеңдегі көшірмесінің суреті мен видеосы желіде тарап кеткеннен кейін, БАҚ-тарда оны жасау үшін 230 мың теңге жұмсалғаны жазылды. Алайда студенттер бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, тиінді жасауға қаржы жұмсалмаған.

«Тиінді жасауға 230 000 теңге жұмсалды деген жалған сөз. Өйткені, біз ештеңе сатып алмадық. Біз шөпті өзіміз шаптық. Констуркция материалын да студенттерге тегін бердік. Тиін ең басты мәселе емес, біз бүгін тұңғыш рет жүргізушісіз жүретін комбайнды тестіден өткізіп жатырмыз. Арнайы жазылған бағдарлама егін ору машинасын өзі басқаратын болады», – дейді «Қаскелең агропаркі» коммерцияландыру бойынша маманы Ринат Фазылбеков.

Тегтер: Тиін, Алматы, көшірма

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.