Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын арттырады

21 Қазан, 2019 120 0

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикадағы дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын көтеру жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенаттағы үкімет сағатында, деп хабарлайды Stan.kz 

Тиісті департамент басшысы биылғы жылы мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі шешімдерінің нәтижесінде 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлері жалақыны 30 пайызға дейін көтергенін еске салды.

«Жаңа бағдарлама бойынша, 2025 жылға дейін медициналық қызметтерге тарифтерді көтеру, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыдан 1-2,5 есе жоғары деңгейге көтеру жоспарлануда», - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Ол дәрігерлердің жалақысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға, ал медбикелер жалақысы 20 пайызға өсетінін атап өтті.

Министр алдағы жылы электронды рецепттер де міндетті болатынын еске салды.


Тегтер: дәрігер, Қазақстан, жалаөы, медбике

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.