Жүсіпбек Қорғасбек «Егемен Қазақстан» газетіне тағайындалды

24 Қазан, 2019 177 0

Балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры боп келген белгілі жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы қаласындағы бюросына жетекші боп тағайындалды.

Жүсіпбек Қорғасбек - 1961 жылы 6 ақпанда Алматы облысының Әулиеағаш ауылында туған. 1984 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Сол жылы журналистік қызметті республикалық «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде бастаған ол «Қазақ әдебиеті» газетіне ауысым тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінің Бас редакторы болды. 1985 жылы «Жалын» баспасынан «Көгілдір керуен» атты әңгімелер жинағы, 1995 жылы «Жансебіл» атты повестер мен әңгімелер топтамасы жарық көрді. «Жансебіл» кітабының негізінде түсірілген осы аттас көркемфильм киносценарийінің авторы. 2001 жылғы «Тарлан —Үміт» сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1998).

Дереккөз: Жас Алаш

Тегтер: ЖүсіпбекҚорғасбек, «ЕгеменҚазақстан», тағайындау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.