weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рамазан айында ашық суретке түскен Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды

Рамазан айында ашық суретке түскен Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды

Рамазан айында ашық суретке түскен Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды
ашық дереккөзі
 width= Отандық танымал әнші Алтынай Жолдыбаева кезекті ашық фотосын жариялаймын деп халық қаһарына ұшырады. Желі қолданушыларына әнші арудың қасиетті Рамазан айында төстартқышсыз суретке түскен ұнамай қалған. Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасында ашық образымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Бұған дейін де сексуалды фотоларын көпшілік назарына ұсынып келген сылқымды бұл жолы бұрынғыдан да қатаң сынап тастаған. Желідегілер шоу-бизнес жұлдызының Рамазан айында ерсі қылық танытқаны жақпай қалды. Олар әншіге деген наразылығын қарша жаудырған. "Рамазан айында шешінбесе болар еді" , "Қасиетті айда не көрінді?", "Оразада мұндай ерсі әрекет жасамаса қайтеді?", "Не болды соншама? Рамазанда төстартқышсыз түсе береді екен" , "Сөзім жоқ. Өте ұят жағдай" , "Төсі де жоқ екен ғой" , "Не қажеті бар төстартқышсыз түсудің?", - деп жазуда көпшілік. Оған қоса, оқырмандар қыз баласының төстартқышсыз түсуіне түбегейлі қарсы екенін ашық білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жолдыбаева сексуалды суреттерімен арлер қауымын естен тандырған болатын. Өнер иесінің суреті желіде қызу талқыланды. Сілтеме
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→