Өскеменде 92 мың теңгеге түскі ас ішкен жігіт қашып кетті

05 Қараша, 2019 268 0

Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгенің түскі асын ішкен жігіт ақшасын төлемей қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Өскемен қалалық Полиция департаментінің Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағымданған.

«Қаладағы мейрамханалардың біріндегі әкімші 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануымызды сұрады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта жігіттің үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Тегтер: Өскемен, полиция, мейрамхана, әкімшілік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.