weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында 80 жастағы қарияның үйінде көкнәр өсіргені әшкере болды

Түркістан облысында 80 жастағы қарияның үйінде көкнәр өсіргені әшкере болды

Түркістан облысында 80 жастағы қарияның үйінде көкнәр өсіргені әшкере болды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Сараптама нәтижесінде төрт соттық жерге егілген өсімдіктер “ұйықтататын көкнәр” болып шықты.   Анықталғандай, Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді деген хабарлама келіп түскен.  width= Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен-жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді.​Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның үй ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болған. Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.   Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 296-бабы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша  қылмыстық іс қозғалды.​​​​​​​​​​ Бірқатар сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш төрт соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық “Ұйықтататын көкнәр” болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған зат “кептірілген көкнәр сабаны” екені анықталып, жалпы салмағы 45 граммды құрады.​​​​​​​​ Сілтеме
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→