weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды

Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды

Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды
ашық дереккөзі
Қазақстанда қалааралық автобустар қашан жүре бастайды Автор: Раяна Ринатовна Қалааралық автобустарда жолаушыларды қадағалайтын қызметкер болмағандықтан, оларды жолға шығару әзірге ерте. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.  width= Елімізде бірінші мамырдан бастап кей қалаларда әуе рейстері ашылғаны белгілі. Ал жолаушылар пойыздары ел ішінде бірінші маусымнан жүре бастайды. Алайда қалааралық автобустар қатынасына әлі де болса тыйым салынған. Көліктегі бас санитар дәрігер мұның себебін түсіндірді. "Ұшақ пен пойызда жолсеріктер бар, олар жолаушылар арасындағы қашықтықтың сақталуын, маска тағуын, бір жерге топтаспауын қадағалап отырады. Ал қалаларалық автобустарда мұндай жоқ, тек жүргізуші ғана. Оның міндеті – қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тиісінше, автобус салонында жағдайды бақылайтын адам болмағандықтан, қазіргі таңда қалааралық автобустарды іске қосу әлі ерте деп санаймыз", – деді Байғабылов онлайн брифингте. Бірақ, ол өңірлерде коронавируспен байланысты жағдай тұрақталса, автобус қатынасын ашу мәселесі қаралатынын атап өтті. Айтуынша, блок-бекеттердің алынуы да жағдайдың тұрақталуына байланысты. Сілтеме   
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→