Қазақстандықтар Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

07 Қараша, 2019 168 0

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Stan.kz

Халық жадында Майқанова апайдың рөлін сомдаған актриса ретінде сақталып, ғұмырын кино және театр саласынар арнаған біртуар тұлға 5 қараша күні таңертең 80 жасында дүниеден озды. 

Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салуға өнер мен мәдениет саласының майталмандары, әріптестері және оны жақсы көріп, құрметтейтін халқы келді. 

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдемесін жеткізді. 

Жас кезінде сымбаты мен сұлулығы үшін қазақтың “Лоллобриджасы” атанған актриса қазақтың маңдайына біткен жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, бір шаңырақ астында сегіз жыл тұрған. Ерлі-зайыптылар екі қыз баланы тәрбиелеген. Раиса Мұхамедиярова көзі тірісінде жазушымен ажырасуына қаңқу сөздердің түрткі болғанын айтқан еді. 

 «Өзімнің тазалығымды білемін. Қанша жігіттер қасымда жүрсін, солармен ішіп жүрейін, бірақ төсекке ешкім мені жатқыза алмайды. Себебі, мына жерде Ғабең жүрді. Ғабеңнің алдында мен тазамын. Жұрт не десе де, өзі не ойласа да...» - деді актриса. 

Марқұм Раиса Мұхамедиярованың өмірінде бір-ақ некесі, бір ғана жолдасы болған. Актриса алғашқы некесінен кейін қайтадан шаңырақ құрмаған. 

Естеріңізге сала кетсек, 5 қараша күні актриса Раиса Мұхамедиярова көз жұмды. 


Тегтер: РаисаМұхамедиярова, отбасы, өмір, кино, актриса

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.