Қасым Аманжол қазақ журналистерінің қателігін бетіне басты (видео)

07 Қараша, 2019 429 0

«Бір журналист таяқ жеп жатса, қалғаны қарап тұратын, арашаға түспейтін халге жеткенбіз...» Осылай деген белгілі журналист Қасым Аманжол қазақ журналистерінің қателіктеріне ашынатынын айтты.

Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында Қасым Аманжол: «Қазір неге бір журналист таяқ жесе, қалғандары қарап тұрады?», - деп сауал тастады. Сондай-ақ  ол «Азаттық» журналистерін қоғамдық орындарда әртүрлі «жалданған» әйелдердің себепсіз ұрып-соғатынын, жұмысына кедергі келтіретінін, ондай жағдайда басқа басылымдағы әріптестерінің ешқандай көмек көрсетпей қарап тұратынын да жасырмады.

«Журналистердің мамандық деңгейінде бір-біріне жаны ашымайтын дәрежеге жетуі, жай ғана әріптестік тұрғыда да көмек көрсетуге құлықты болмауы – олардың дәрежесінің түсіп, жай ғана орындаушы ұсақ-түйек функционерге айналғанын білдіреді», - деген журналистің видео-сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқылануда.Бір топ әріптестері қаламгерге ренішін білдірсе, екінші жақ «Азаттық» тілшісінің пікіріне қолдау көрсетуде. Ол телеарнаға берген сұхбатында еліміздегі басқа да мәселелерде субъективті пікірін жасырмаған.

Айта кетейік, Қасым Аманжол 20 жылдай осы салада қызмет атқарған беделді журналист.

Дереккөз: "Жетісу" телеарнасының #Qatelik бағдарламасы



Тегтер: ҚасымАманжол, журналистика, телеарна

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.