«Ұлттық кеңес» мүшесі: Солтүстік Корея болып кетуге сәл-ақ қалып едік!

08 Қараша, 2019 146 0

Қоғам белсендісі, блогер, заңгер -  Айгүл Орынбек «Тоқаевқа респект» айтты. 

Ондағы себеп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста смартфон ұстауына рұқсат етуінде. Жаңалықты фейсбук желісіндегі жеке парақшасында сүйіншілеген заңгер: «Тоқаевқа респект!

Мемлекеттік қызметкерлерге, смартфон телефондарын қолдануға рұқсат беріпті!
Әйтпесе барлық дүниелерге шектеу қойып, Солтүстік Корея болып кетуге сәл-ақ қалып едік! Енді полиция, прокуратура ғимараттарына кірген кезде, смартфон телефонды алып кіруге рұқсат бар деген бұйрық берсе, супер болар еді! Құзырлы органдар тарапынан қылмыс азаяр еді...
Өзгерісті технологиялық тұрғыда жасау керек осылай!», - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Орынбек осыған дейін көптеген мекемелердегі әрекеттерді әлеуметтік желідегі тікелей эфирде әшкерелеп келді. Демек, Президенттің бастамасы айгүл Орынбектің одан да белсенді болуына сеп болмақ.

Тегтер: АйгүлОрынбек, президент, блогер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.