Ақтауда бірнеше құрылыс компаниялары жауапқа тартылды

08 Қараша, 2019 154 0

Бұл туралы Маңғыстау облысы «Өңірлік коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифингте айтылды.   

Әлеуметтік желілерде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер сатылымға шыққаны жөнінде жариялануда.  Бұған ҚР  «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес, үлескерлердің қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілер жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.  Алайда, бүгінгі күні Ақтау қаласы аумағында, тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқандар  үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат сұрап жүгінгенбеген. Яғни бірде-бір тұлғада, аталған рұқсат жоқ екендігі белгілі болды. 

Маңғыстау облыстық прокуратурасы ұсынған деректерге сүйенер болсақ, қыркүйек айының соңында Ақтау қалалық  сотының шешімімен «НиетСтройСервис» директоры аса ауыр сипатта алаяқтық жасады деп танылып,  6 жылға бас бостандығынан айрылды.  Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін бірнеше құрылыс компания өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ҚР «Әкімшілік-құқықбұзушылық» кодексінің 320 бабы бойынша 3 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды. Олар - «Компания СтройАльянс», «KZ West Snab» және «Ниет Строй Сервис».

Қала аумағында жүргізіліп жатырған тұрғын үйлерге қатысты қандайда бір ақпарат қажет еткен жағдайда, «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» 218 бөлмесіне келіп, хабарласуды сұрайды. Байланыс нөмірі: +7 (7292) 50-47-09, 50-44-47.

Тегтер: Маңғыстауоблысы, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.