Бейнеу ауданының халқы 70 мыңнан асты

08 Қараша, 2019 106 0

Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында болған брифингте Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов мәлім етті.

- «Экономикалық белсенді тұрғындар саны 27882 адам, аудан халқының 26687-і жұмыспен қамтылған, 1195-і жұмыссыз. Жыл басынан бері  ауданға  299 адамы  бар  63  отбасы  көшіп  келді. Олардың 34-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, 27-і  ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды», - деді аудан әкімі.

Барлық көздерді қоса есептегенде әлеуметтік қорғау ісіне 4,9 млрд. теңге жұмсалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  812 млн. теңгеге немесе 24,7% көп. Бұл қаржының 4,5 млрд. теңгесі республикалық бюджет есебінен,  402 млн. теңгесі аудандық бюджеттен  берілген.

- «Жаңадан  2715  жұмыс  орны  ашылды, оның 69,4% немесе 1885-і тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен  қамту  ұйымдары  арқылы  1048  адам  тұрақты  жұмысқа  орналастырылды. Әлеуметтік  қолдауды  қажет  ететін  отбасының  934  баласы   тегін  тамақтандырылады», - деді әкім.

Білім беру саласына 7,4 млрд.теңге бөлінген. Бір оқушыға шаққанда  414 мың теңгеден. 3-6  жас  аралығындағы  балаларды мектепалды дайындықпен  қамту  көрсеткіші  98,1%  жеткен. Опорный орта мектебінде  мүмкіндігі шектеулі балаларға құны 2 475 мың теңге құрайтын сенсорлық кабинет жабдықталған.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.