Нұр-Сұлтанда күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел қайтыс болды
11 Қараша, 2019 149 0

Елордада күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Денесінің 75 пайызын күйік шалған пациент 2019 жылдың 10 қарашасында сағат 1-35-те қаза тапты», - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын елордалық азамат отбасылық жанжал кезінде әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді.
«6 қазан күні сағат шамамен 11.40-та полицияға автобус аялдамасында денесін күйік шалған әйелдің отырғаны туралы ақпарат түсті. Әйел тез арада ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті ретінде оның 43 жастағы күйеуін ұстады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.
Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дәрігерлері әйелдің аман қалуы екіталай екенін хабарлаған еді. Дегенмен осыдан 4-5 күн бұрын ғана Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты науқастың есін жинап, жақсару динамикасы байқалатынын хабарлаған болатын.
Тегтер: елорда, бензин, әйел, өрт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру
Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.
КӨП ОҚЫЛҒАНДАР



Қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асты – министр
11 Қыркүйек, 2018