Маңғыстау: Мемлекеттік қызметтің сингапурлық үлгісі сөз болған келелі кездесу

11 Қараша, 2019 95 0

Cингапур мен Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық жылдан жылға дамып келеді. 2012 жылдан бері Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саяси мектебі мен Н. Назарбаев университеті арасында тығыз байланыс орнаған болатын.

Аталған серіктестік аясында бүгін Маңғыстау облысында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саяси мектебінің адъюнкт-профессоры Басскаран Наирмен кездесу өтті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, аумақтық департамент басшылығы мен қызметкерлері, қала және аудандардан келген мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар, Н. Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің Біліктілікті арттыру департаментінің менеджері Жанар Исмаилова қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев қатысушыларды профессордың қызмет жолымен таныстырып, кездесудің мақсатын түсіндіріп өтті.

Сингапур - мемлекеттік басқару реформалары саласында әлемде көшбасшылардың бірі, яғни оларды тиімді іске асыруда табысты үлгі көрсетті деуге болады. Мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістерді басқару, халықпен қарым-қатынас жасау, қоғаммен тиімді байланыс орнату механизмдерімен, жалпы алғанда мемлекеттегі басқару жүйесімен және саяси тәжірибесімен бөлісті.

Баяндамасының басым бөлігінде профессор басшылардың қызметкерлермен, қарапайым халықпен коммуникация орнату, жұртшылықпен тиімді коммуникация құруға арналған стратегиялар тізбесін баяндап өтті. Мәселен, үкіметтің шешімі үшін адамдар қандай мәселелерді маңызды деп санайды және әлеуметтік және саяси пайымдаулар үшін қандай ақпарат өзекті болады және т.б.

Спикердің айтуынша Сингапурдың мемлекеттік қызметі адам капиталын басқаруға және барлық деңгейдегі көшбасшыларды дамытуға үлкен көңіл бөледі. Еліміздегі университеттер мен колледждер екі елдің де мемлекеттік қызметі үшін кадрлар даярлау жөніндегі мемлекеттік сектор басшылары арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша іс-шараларды өткізу үшін барлық мүмкіндіктерге ие.

Шара соңында көпшілікті өзінің ауқымды әрі қызықты баяндамасымен баурап алған профессор Баскаран Наир қатысушыларға кезек беріп, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова спикерге бірнеше сұрақ қойып, ой-пікірімен бөлісті. Атап айтқанда, Сингапур еліндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, онымен күресу жолдары, сонымен бірге, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы және елдегі мемлекеттік қызметтің жай күйі мен мемлекеттік қызметшілердің ауысымдылық деңгейін сұрады. Сонымен қатар, қатысушылар арасынан, мемлекеттік қызметшілерді тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселері, олардың жалақысы бойынша, кадрлық ауыс-түйіс және осы секілді тағы басқа да  қызықты сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Сөз соңында, облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев өзекті әрі маңызды кездесу үшін және бөліскен тәжірибесі мен ақпараты үшін профессор Б.Наирге алғысын жеткізді.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау

облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.