Ақтөбелік ақын өзін «Абайдай ұлы» деп есептейді

11 Қараша, 2019 275 0

Ақтөбелік ақын Балтабек Нұрғалиев бұл жолы өзін Ұлы ақын Абаймен теңестіріп, елдің талқысына қалды. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасына жариялады. Оның айтуынша, оның өлеңдері Абай Құнанбаевтың шығармаларынан да көп оқылады-мыс.


«Менің өлеңдерімді Абайдың өлеңдерінен де көп оқитын оқырмандарыма алғыс айтамын. Тек Абайдан ғана емес, қазақ əдебиетіндегі барлық ақындардан артық оқылып, ұлы ақын атаған ағайынға көп рақмет! Жақында кітабымды күтіңіздер! Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев», - деп жазба қалдырған ол әлеуметтік желідегі жұрттың күлкісіне қалды. Кейбіреулер Балтабекке емделуі керектігін айтса, енді біреулер оның бұл қылығын сарказм деп қабылдауда.

Айта кетейік, Балтабек Нұрғалиев осыған дейін Елбасы мен оның отбасына жазылған арнауларымен көзге түсіп, талқыға ұшыраған еді. Ол мұндай арнауларын әлі де тоқтатқан жоқ. Ең қызығы, ақын жігіт елдің сыны мен ауыр сөздеріне мән бермей, өзінің «шығармашылығын» жалғастыруда.

Тегтер: Абай, БалтабекНұрғалиев, ақын, өлен

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.