Алматы облысындағы отбасы 5 жылдан бері ордалы жыланнан зардап шегуде

13 Қараша, 2019 101 0

Алматы облысының тұрғыны отбасымен бірге 5 жылдан бері ордалы жыланнан құтыла алмай келеді. 

Белгілі журналист Жазира Бегалыға хабарласқан жалғызбасты ана басындағы жағдайдан амал таппай жүргенін айтып, мұңын шаққан.  

Гүлмира – Алматы облысының тұрғыны. Жалғызбасты ананың айтуынша, осыдан бес жыл бұрын осы үйге енді ғана көшіп келгенде отбасы тоңазытқыштың артынан жорғалаушының құйрығын көрген. Оны кесіртке деп ойлап, жыланды ұрып өлтіріп тастайды. Сол күннен бастап бауырмен жорғалаушылар осы үйдегілердің үрейін ұшырып, әбден мазалайтын болыпты.

Журналистке хабарласқан ол, «АТК-да оқитын ұлымның аяғын тістеп алды. 10 жастағы баламның талмасы ұстап, сонымен жанталасып жатқанда аяғына тағы біреуі оралып, мен ұрып өлтірдім. Біздің үйді ордалы жыландар қаптап кетті. Балаларым басқа пәтерге көшеміз деп жатыр. Екі жылан жүр үйде. Бүгін біреуін тағы өлтіріп қойдым. Қорқып отырмын. Студент балам группаластарымен үй іздейміз деп, бірақ ақысын қалай төлеймін?», - деп жылаған.

Алматы облысының тұрғыны 5 жылға жуық сол баспанада тұрады. Үш баласымен үйсіз-күйсіз , балдақпен әупірімдеп жүрген әйелге жаны ашыған бір депутат қонысын уақытша, тегін паналауға рұқсат берген. Енді сол жерден жыландар шықты. Әкімдік мамандарды әкеліп, у сепкен екен. Алайда, бұл әрекет нәтижесіз болған.

Алматы облысындағы жылан қаптаған үйге әкімдер де барған.Қызығы, бірнеше сағат бақылаған әкімдіктегілерге қаптаған жылан кездеспеген. Ал Гүлмира есімді тұрғын бала-шағасымен басқа пәтерге көшіп кетіпті. Дегенмен ол сұхбат беріп, бағдарламаларға қатысуддан бас тартып отыр.


Тегтер: Алматыоблысы, ЖазираБегалы, жылан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.