Психологиялық тест: Сіз әйеліңізге бағынасыз ба? Саусақтарыңыз бұл туралы не дейді?

24 Шілде, 2018 2598 0

 Сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адам мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады. 

Сондай әдістердің бірі – саусақтарды зерттеу. Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, мынадай қызықты фактілерді анықтады.

Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз:

 

А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар – батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Сондықтан олар жарына бағына қоймайды. Олар – ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, табысты адаммен жұп құрауға мүмкіндігі мол екенін айтуға болады.

 

В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Сондықтан үйдегі билікке таласы жоқ. Көбіне келісімге келгіш. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі.

 

С. Төртінші мен екінші саусақтардың ұзындығы бірдей болған жағдайда:

Мұндай адамдар өте мейірімді әрі көңілі ашық болады. Сондықтан сырт көзге олар жарына бағынғыш келетіндей көрінеді.  Олар ұрыс-керісті ұнатпайтындықтан, кикілжің тудыратын жағдайлардан ары жүруге тырысады. Бұлар тазалық пен тәртіпті жақсы көреді. Кез келген адаммен тіл табыса алады.

 

Сіз бұл айтылғандармен келісесіз бе?

Тегтер: Психологиялық, тест, мінез

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.