Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы ХII халықаралық турнир

21 Қараша, 2019 146 0

Қазақ боксының негізін қалаушы, бокстан КСРО спорт шебері атанған тұңғыш отандасымыз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы ХII халықаралық турнир өтпек. 

Оған Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей Федерациясының құрама командалары және еліміздің 11 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қалалардан спортшылар қатысады. Бұл туралы Маңғыстау облысы «Өңірлік Коммуникациялар» қызметінде өткен брифингте айтылды.

Сонымен қатар турнирде Қазақстан ұлттық құрама командасының әлемдік ареналарда топ жарып жүрген боксшылары да бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Қайрат Ералиев, Ильяс Сүлейменов, Закир Сафиуллин, Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағанбет, Ерік Әлжанов, Нұрбол Қалжанов, ағайынды Төлтаевтар, т.б. қатысады. 

Жарыс «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтеді, 24 қарашаға дейін жалғасады.

57 келі, 63 келі, 75 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, үздік шыққандар 2020 жылы ақпан айында Қытайда өтетін жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама беретін жарысқа қатысу құқығына ие болады.

Жарыстың құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев, құрама бапкерлері Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Олимпиада Ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев, Әлем чемпионы Галиб Джабаров, т.б.

Жарыстың бағдарламасы:

21 қараша, сағат 14:00 – алдын-ала кездесулер сағат 18:00 – жарыстың салтанатты ашылуы

22 қараша, сағат 14:00 – ширек финал

23 қараша, сағат 14:00 – жартылай финал

24 қараша, сағат 12:00 – финал, турнирдің жабылу салтанаты

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.