«Қайсысы қол көтермейді, айтыңдаршы»: Ер адам анда-санда әйеліне қол көтеретіні туралы

12 Желтоқсан, 2019 333 0

Екінші топтағы мүгедек Ескендір Тұрысбеков әйеліне анда-санда қол көтеріп қоятыны туралы айтты. Бірақ өзінің одан басқа ренжітпегенін алға тартты. Ауруханада жатқан келіншек күйеуіне қапа болып, алты баласын тастап туысқан әпкесімен бірге кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Маған не үшін өкпе болады? Мен 2014 жылдан бастап осы жағдайдамын. Мен емдетпей жатсам, оны айтсын. Алматыға да әкелдім. Шымкентке барды, Таразды қоймадық. Шама-шарқым жеткенше қарыздандым. Қазір де мойнымда қарыз бар. Қол көтерген уақыт болады. Отбасы болған соң ондай болады. Қайсысы қол көтермейді дегендерің айтыңдаршы. Кикілжің болмайды дегендерің айтыңдаршы», – дейді ер адам.

Айтуынша, әйелінің туған күнін де жасап береді екен. Бірақ түсініспеушілік болып қалған жағдайда қол көтеріп қоямын дейді. 


Тегтер: мүгедек, отбасы, әйел, ұрыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.