Түркістан облысының депутаттары мандаттарынан бас тартып жатыр

10 Тамыз, 2018 1018 0

ОҚО мәслихатының тікелей мұрагері болып табылатын Түркістан облыстық мәслихатының 6 депутаты мандатын тапсыру туралы арызын жазды. Олар лауазымды шендерінен бас тартқан. Бұл туралы аппарат басшысы Керімхан Қадырбеков мәлімдеді деп жазады rgmedia.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

"Облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған 14 депутаттың сайлау округтері Шымкент қаласының аумағында қалып қойды. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Дәл қазіргі уақытта шымкенттік депутаттар арызын жазып, мандатын тапсырамын десе, қарсылық жоқ.

Депутаттық өкілеттігімді ары қарай жалғастыра беремін десе де заңға қайшы келмейді. Себебі осындай жағдайда не істеу қажеттігі заңда нақты көрсетілмеген" , – деді аппарат басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған алты халық қалаулысы депутаттық мандатын тапсыру жөнінде арызын тапсырды. Бірақ аппарат басшысы олардың нақты аты-жөндерін атамады.

Тегтер: мәслихат, депутат, мандат, шымкент, округ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.