«Әдетке айналып кетті»: 4 рет түсік жасатқан бойжеткен сырымен бөлісті

21 Ақпан, 2020 1252 0

Әр жолы әр түрлі еркектен бала көтеріп, 4 рет түсік жасатқан қыз сырымен бөлісті, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарарт агенттігінің тілшісі.

Өзін Жадыра деп таныстырған бойжеткеннің жасы жиырма үште. Оның айтуынша, алғаш рет бойына бала біткенде жасы 20-да болған. Сүйген жігітінен бала көтерген ол, ел-жұртқа масқара болмау үшін жасанды түсік жасатқан. Алғаш рет жатырына біткен сәбимен қоса жігітінен де айрылады. Содан бері Жадыраның өмірінде «бір түндік» еркектер көптеп пайда бола бастаған.

«Алғаш рет аборт жасатқанымда қатты қиналдым. Біраз уақыт өзіме келе алмай жүрдім. Сосын үлкендеу ер азаматтармен кездесе бастадым. Одан кейін де бұл жағдай қайталанды. 3 рет түсік жасаттым. Алғашқыдай емес, бойыма бала біткен кезде бірден сезетін болдым. Ондай жағдайда баланың әкесіне айтамын. Үлкен азаматтар сараң болғанымен, аборт жасату үшін барынша көмектесіп, құтылуға тырысады. Осылайша, төрт жылдың ішінде төрт рет түсік жасаттым. Алғашқыдай емес, салмақты қарап үйреніп кеттім. Бұл маған әдет бола бастағанынан қорқамын», - дейді тараздық ару.

Жадыра өзінің ылғи жеке меншік емханаға баратынын, қаражатын төлесең дәрігерлер оңай ғана аборт жасауға келісетінін жасырмады. «Бастысы, онда сенің не істегенің ешқандай кітапшаға тіркелмейді. Мен де болашағымды таза парақтан бастағым келеді», - деген бойжеткен, қазір жастар арасында мұндай жағдайлар жиі кездесетінін де тілге тиек етті.

Тегтер: бойжеткен, бала, түсік, еркек, емхана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.