Күрестен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 2 алтын жүлдеге ие болды

21 Ақпан, 2020 223 0

Бүгін Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы сəтті өнер көрсетті.          

Жалпы спортшыларымыз 2 алтын, бір күміс жəне 5 қола жүлдеге қол жеткізді.


Ақтық сынға жолдама алған 3 спортшымыз да Жапония балуандарымен белдесті. 53 кг салмақ дәрежесінде Татьяна Ахметова 2 дүркін әлемчемпионы Маю Мукаиды ұтса, 62 кг салмақта Аяулым Қасымова Юкако Каваиға (5-1) есе жіберді. 

Ал 72 кг салмақ дәрежесінде Жамилә Бақбергенова Мей Шиндодан кескілескен белдесуде 2-1 есебімен басым түсті. 

Сондай-ақ, Алтынай Сатылған (57 кг) вьетнамдық Ти Хуонг Даоны 4-2 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, осығане дейін Қазақстан әйелдер құрамасы 4 қола жүлде еншілеген еді.


Тегтер: Жапония, балуан, спорт, алтын

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.