Пәтер көрсетуге шақырған жігіт студент қызды зорламақшы болған

21 Ақпан, 2020 312 0

Алматыда,«жалдамалы пәтер көрсетем» деп шақырған «үй иесі»студент қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. Оқиға Алматы қаласындағы «Орбита-3» шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде орын алған. 

Ботакөз есімді студент қыз интернет арқылы пәтер қарайды. Бағасы жақсы, суреттен жаңа көрінген соң таңдаған пәтерін көзімен көруге өзі бар. Айтуынша, бойжеткенмен телефон арқылы сөйлескен ер азамат ол үйде тек қыздар тұратынын айтқан. 

Жарты сағаттан соң келісілген үйде екі тарап кездеседі. Үйді көрсетпек болған жігіт есіктің екі ілмегін қатар құлыптағанда күдіктенген қыз алғашында сыр бермепті. Тек қорыққанынан сырт киімі мен аяқ киімін шешпеген. Пәтерді толық көріп шығуға ұсыныс жасаған жігіт жатын бөлмеге барғанда Ботакөздің беліне қол жүгірте бастайды. Бұрын күреспен айналысқан қыз жігітті алып жығып, үйден қашып шығады. Баспалдақтан әрі қарай қумаған жігіт «ұстап алсам, өлтірем», - деп айғай салыпты. 

Ботакөз Алматы қаласындағы беделді ЖОО бірінде 3 курста білім алады. 2-3 күннен бері барар жер таппай жүрген бойжеткен басындағы жағдай туралы жазып, әлеуметтік желіде көмек сұраған.

Тегтер: қыз, зорлық, пәтер, интернет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.