weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Трамадолға» үйір болған түркістандықты полицейлер тәртіпке салды

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, психотроптық препаратты заңсыз сақтау және тасымалдау күдігі бойынша ер адамды анықтаған.

«Трамадолға» үйір болған түркістандықты полицейлер тәртіпке салды
фото: түркістан облысы баспасөз қызметі

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, психотроптық препаратты заңсыз сақтау және тасымалдау күдігі бойынша ер адамды анықтаған.

Бұл туралы newsroom.kz Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер көшелердің бірінде тоқтатқан ер адамға тінту жүргізіп, одан әсеері күшті дәрі тапты. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан психотроптық препараттың 27 пластинасын тәркілеп алып, сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес тәркіленген «трамадолдың» жалпы салмағы 16 грамнан асты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «трамадолды» есірткі құралдарының тізіміне енгізді және тек рецепт бойынша берілетінін ескертті. Ал дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→