weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Созақта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында саптық байқау өтті

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында саптық байқау болып өтті

Созақта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында саптық байқау өтті
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында саптық байқау болып өтті. Оған аудандық полиция бөлімінің бастығы Жасұлан Нысанбаев және бөлім бастығының орынбасарлары мен жеке құрамы толық қатысты.

Байқаудың мақсаты - жеке құрам арасында саптық дағдыны арттыруға, ықпал етеді. Өйткені полицейлер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметін лайықты атқару үшін үнемі ұқыпты және жинақы болуы тиіс.

Тексеру барысында полиция подполковнигі мен оның орынбасарлары полиция қызметкерлерінің жеке куәлігін, саптық жүрісі мен жетон нөмірлерін, сондай-ақ нысанды киімнің сәйкестігін жіті тексерді. Саптық байқау соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерудің алдында сап түзеп, саптық қадамды көрсетті.

Айта кету керек, саптық байқауларды өткізу бөлімшелердегі тәртіп пен заңдылықты қолдайды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→