weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
1 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астана: Байқоңыр ауданындағы Ақбұлақ жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталды

Ақбұлақ жағалауының абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды

Астана: Байқоңыр ауданындағы Ақбұлақ жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталды
фото: instagram baiqonyr_audany

Бүгінгі таңда Ақбұлақ жағалауын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Байқоңыр ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол Амман көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі жағалау және Таха Хусейн көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі Ж. Тәшенов көшесі аумағын қамтиды.

Аталған Ақбұлақ жағалауын абаттандыру нәтижесінде тротуарларды кеңейту және көтерілген жаяу жүргіншілер кеңістігін салу арқылы кедергісіз орта құрылды.

Абаттандырылған аумақтың жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды.

Абаттандыру барысында көшені ағаштар және бұталармен жаппай көгалдандыру, кеңістікті сапалы жарықтандыру, жергілікті суару жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, workout-алаңдар, балалар ойын алаңқайлары, арнайы демалыс аймақтары жайластырылса, әр түрлі заманауи шағын архитектуралық формаларда орналастырылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→