weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкенттегі дәмхананың бірінде ер адам қызды аямай ұрып тастапты

Шымкентте ауысыммен жұмыс істейтін қызды ұрып кетіпті

Шымкенттегі дәмхананың бірінде ер адам қызды аямай ұрып тастапты
фото: dzen.ru

Шымкентте қаладағы дәмханалардың бірінде ауысыммен жұмыс істейтін қыз соққыға жығылған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Полицейлердің мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу басталып кетті.

Бір топ ер адам телефондарын қайта сату үшін қаладағы дәмханалардың біріне кірген. Мекеме қызметкері олардың кетуін талап еткенде, ашуланған ер адамдар қызды бірнеше рет ұрған.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Ведомство ақпаратынша, жарақаттың ауырлық деңгейі анықталғаннан кейін барлық қажетті шара жедел түрде қабылданады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→