weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шетелдіктер Қазақстан елтаңбасына шағымданды ма?

Неліктен шетелдіктердің көңілінен шығу үшін оны өзгертуіміз керек?

Шетелдіктер Қазақстан елтаңбасына шағымданды ма?
Фото: КММТ

Бүгін өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның елтаңбасын өзгерту мүмкіндігі туралы айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Журналистер бүгін депутат Еркін Әбіл Елтаңбамыз тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де түсінікті болуы керектігін айтқанын атап өтті. Осыған байланысты олар басқа мемлекеттердің өкілдері "Қазақстанның елтаңбасын түсінбей қалдық" деп шағымданған жағдайлар болды ма деп сұрады. "Елтаңба – біздің рәміз, солай емес пе? Неліктен шетелдіктердің көңілінен шығу үшін оны өзгертуіміз керек? Мұндай өтініштер түспегені анық, егер түскен болса, бұл бос сөз шығар. Бұл қоғамда пісіп-жетілген ішкі мәселе. Өздеріңіз білесіздер, ол әлі де талқыланып жатыр, Сондықтан ішкі мәселеге қатысты бұдан әрі түсініктеме бере алмаймын. Уақыт өте көреміз, "- деді Айбек Смадияров. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→