weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте тал түсте оқ атылыпты

Атыс Шевченко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған

Шымкентте тал түсте оқ атылыпты
Фото: PavlodarNews.kz

2 сәуірде Шымкентте атыс болды. Сағат 12:00 шамасында бұрын таныс адамдар арасында жанжал туып, травматикалық қарудан оқ атылған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің өкілдері хабарлады,- Newsroom.kz

Атыс Шевченко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, жанжал бұрын таныс адамдар арасында туған. Қазір полицейлер мен тергеушілер оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Шевченко көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында бұрын таныс адамдар травматикалық қару қолданып төбелескен. Оқиғаға қатысы бар адамның барлығы ұсталды. Жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартты", - делінген хабарламада. Полиция өкілі сотқа дейінгі тергеу басталғанын, ал басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын айтты. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→