weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Синоптиктер жеті қаланың ауа райына байланысты ескерту жасады

4 сәуірде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер жеті қаланың ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: gov.kz

Қазгидромет РМК 4 сәуір күні ауа райы қандай болатыны туралы болжам жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"2024 жылғы 4 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→