weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Отбасымыздың атынан». Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір халқына қаржылай көмектесті

Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз,-деді ол

«Отбасымыздың атынан». Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір халқына қаржылай көмектесті
Фото: massaget.kz

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір тұрғындарына қаржылай көмектесті, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Бұл туралы айтыскер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз! Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!", - деп жазды ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→