weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 мамыр, 2024 / Динара Сембаева / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Усик Тайсонды жеңді

Усик ХХІ ғасырда ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы болды

Усик Тайсонды жеңді
Фото: championat

Британ боксшысы Тайсон Фьюри Сауд Арабиясында өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Тоғызыншы раундта Усик Фьюриді нокдаунға жіберді, бірақ британ боксшысы соңына дейін шыдас берді. Осылайша, Усик ХХІ ғасырда ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы болды.

Фьюри бұған дейін мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, 34 рет жеңіске жетті (24 нокаут). Бір рет қарсыласымен тең түсті. Усик, өз кезегінде, осы жекпе-жекке дейін мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңімпаз атанды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→