weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады

Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда  жарияланады
Фото: t.me/SayasatNurbek

Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады.Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!

Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→