weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жазира Байырбекова отбасындағы қағидаларын бөлісіпті

Бізді 28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады?! Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. “Ұят,масқара” деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар, иә?!”, – деп әзілдеді әнші

Жазира Байырбекова отбасындағы қағидаларын бөлісіпті
Фото: Тicketon.kz

Жазира Байырбекова отбасындағы ережелерін айтып, оқырмандарымен сырласты. Өнер иесі қандай істе де күйеуімен ақылдасатынын жасырмады,-деп хабарлайды newsroom.kz

“Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз шешемді үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын.Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек" – деп жазды өнер иесі. 

Сондай-ақ жұлдызды жұп кезінде қол ұстасып жүруге ұялатындарын да жасырмады

“Бізді 28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады?! Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. “Ұят,масқара” деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар, иә?!”, – деп әзілдеді әнші. 

Еске салайық, Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, жігіттің жағдайына қарамау керегін ескерткен еді. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→