weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Талақ” фильміне барып қазақ киносына талақ айтып келдім - Айгүл Жұмаділ

Қоғам белсендісі өз пікірін Facebook парақшасында жариялады

“Талақ” фильміне барып қазақ киносына талақ айтып келдім - Айгүл Жұмаділ
Фото: newsroom.kz

Қоғам белсендісі Айгүл Жұмаділ "Талақ" фильміне қатысты өз пікірін Facebook парақшасында жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қоғам белсендісінің айтуынша, "Талақ" фильміне барып, қазақ киносына талақ айтып келген.

"Айналайын өздерін режиссер атағандар, кемінде 50 жыл кино түсірмей-ақ қойыңдаршы. Өзі де аз, қазақ көрерменді мүлде жоғалтып тынасыңдар мына түрлеріңде.

Мынау не кино? Құрымбайға жетектеткен ақ аттан басқа ақтап алар дүние таппадық қой, құдай-ау!

Костюм анау ит талағандай. Ең болмаса байдың үйін жөндеп қоюға болады ғой. Үйір-үйір жылқысы, үш қатыны бар бай ғой ол! Бір құман сумен дардай қатынды төбе басында шешіндіре салып шомылдырғандарың қай сасқандарың? Дәрет алуға кетіп бара жатыр екен деппін. Логикаларың нөл ме сонша?

Сарымсақтың үйінде жап-жақсы аппақ көрпе жастығы бар екен ғой (ауырып жатқандағы төсегін айтам), қатын-баласымен неге терінің үстінде жатыр ол?

Басқаны қойып, кеше ғана боқтап-боралап жаткан қырғыздардан барып уйреніп келіндерші кино түсіруді. Қазақ киносына осынша көңілім қалады деп ойламаппын. Айтарға сөзім жоқ",- деп жазды Айгүл Жұмаділ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→