weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақмолада жетінші перзентіне аяғы ауыр әйел көз жұмды

Әйел кешкі уақытта өзін нашар сезініп, демалуға кеткен

Ақмолада жетінші перзентіне аяғы ауыр әйел көз жұмды
Фото: Basnews.kz

Ақмола облысында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек қайтыс болды. Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтерге сүйенсек, әйел кешкі уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, демалуға кеткен. Дегенмен туыстары оны өлі күйінде тапқан. Әйел жүктіліктің 34 аптасында жүрген. 

Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенше қайтыс болғанын растады.

Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жетіспеушілігі. Зорлық-зомбылықтың ізі табылмады.

Айта кетелік, полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→